Іс-шара Қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясының қолдауымен «Өнер дыбыстары» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Меморандум елдегі екі жетекші мәдени институттың ұзақмерзімді ынтымақтастығының негізі болмақ. Әріптестік бірлескен мәдени, білім беру және ғылыми-ағартушылық жобаларды жүзеге асыруға, жас таланттарды қолдауға, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға, сондайақ заманауи пәнаралық бастамаларды дамытуға бағытталған.
Ынтымақтастық аясында тараптар музыканы, бейнелеу өнерін және заманауи технологияларды біріктіретін концерттер, көрмелер, фестивальдер, дәрістер, шеберлік сабақтары, шығармашылық кездесулер және ғылыми-ағартушылық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.
Қол қою рәсіміне Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшылығы (Тасбергенова Г.К.) мен Almaty Museum of Arts (Ходжаева Т.А.), сондай-ақ Қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясының өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. Іс-шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттарының қатысуымен концерттік бағдарламамен аяқталды.
Меморандумға қол қою мәдениет және білім мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам бола отырып, Қазақстанда шығармашылық әлеуетті дамыту және ауқымды мәдени жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.