Қазақстандық фермерлер мал бағуды АҚШ-тағы әріптестерінен үйренбек - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық фермерлер мал бағуды АҚШ-тағы әріптестерінен үйренбек

Қазақстандық фермерлер мал бағуды АҚШ-тағы әріптестерінен үйренбек

Қазақстандық фермерлер мал бағуды АҚШ-тағы әріптестерінен үйренбек. Осы мақсатта 12 адам мұхит асқалы отыр. Ал тәжірибе жинап келгендері қазір жұмысқа қызу кіріскен. Америкадан әкелген асыл тұқымды сиырлары да Арқаның табиғатына әбден жерсініп алыпты. Бүгінгінің «ковбойлары» малды жаңа тәсілмен бағып қағады екен. Бір айта кетерлігі - мұнда сиыр бағып отырған ауыл жастары емес, қала балалары. Қолдарында 3 дипломы бар «Болашақтың» түлектері.

  • 7 Қараша 2012
  • 399
Фото - Caravan.kz

Мынау Ақмола облысындағы Мамай ауылы. Мал бағудың нағыз заманауи үлгісі осы жерде. Біз көрген қазіргі заман бақташыларының жүріс-тұрысы мынадай: қолдарында мал қайыру үшін рация, киімдерінде де өзгешелік байқалады. Бастарында америкалық кобвойлар киетін қалпақ. Өздерін де солай атауды сұрайды. Ал «малшы» деген сөзге мүлдем қарсы. Солардың бірі — Бейбіт Ерубаев, Солтүстік Дакотада жұмыс істеген маман «Болашақ» бағдарламасымен де білім алған. Асыл тұқымды мал шаруашылығының қыр-сырын сол елде жүріп әбден меңгеріпті. Бүгінде жеке шаруа қожалығында 7 жарым мың бас сиыр бағып отыр.

Бейбіт Ерубаев, шаруа қожалығының директоры:

— Былтыр -52 градус болды. Малымыз далада тұрды.  Малымыз осы ауа райына арналған. Бұл үйдегі мал емес. Жабайы мал. Осылай далада өсіп үйреніп қалған мал ғой.

Кешке дейін сиыр соңында жүретіндердің бірі — Вячеслав. Жаяу емес,  маңайды джиппен бақылайды. Жаңа туған бұзаулар суық күндері далада ұзақ жатып қалмас үшін күніне қанша шақырым жерді сан мәрте айналуға тура келеді дейді. Ресейден келген жас маман бұл қожалықта зоотехниктің қызметінде.


Вячеслав Голубев, зоотехник:

Бұл жануарлар күй талғамайды. Ауа райын да, жайылым жерді де. Тіпті шөптің қиқымын да қалдырмай жеп тастайды. Бұзаулары туған кезде 30-35 келі болса, 6 айлығында 240 келі. Ал жергілікті мал бұл салмақты 1 жасқа келгенде бірақ жинайды.

Ангус пен мына герефорд тұқымдары Ақмоланың суығына тез үйренген. Тек дер кезінде екпелерін салып, жіті қадағалап тұрса болғаны. Мына шөпті атам қазақ қаудан деп атаған. Құрамында протеин бар. Сиырлардың асыл тұқымды болып өсуіне протеин бірден-бір таптырмас  дәрумен дейді мамандар.

Әрі салмақты да тез жинайды екен. Тайыншасының салмағы 450 келі, ал үш жастан асқан бұқалары 500-ден жоғары. Жыл соңына қарай фермерлер осы ангус пен герфорд тұқымдасын жергілікті малға қарағанда 2-3 есе қымбатқа сатып жүр.

Соңғы жаңалықтар