Қазақстан биылғы жылдың шілдесінен бері 3 млн тоннадан астам астық экспорттады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.51
  • 611.83
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан биылғы жылдың шілдесінен бері 3 млн тоннадан астам астық экспорттады

Қазақстан биылғы жылдың шілдесінен бері 3 млн тоннадан астам астық экспорттады

Қазақстан 2012 жылдың 1-шілдесінен бері қарай ұнды қоса есептегенде 3 млн тоннадан астам астық экспорттады, деп Ауыл шаруашылық вице-министрі Мүслім Өмірияев мәлім етті.

  • 23 Қараша 2012
  • 284
Фото - Caravan.kz

«2011-2012 жылдары 12 млн тонна астық экспорттау жоспарланған. Бұл қарқынымыз биылғы маркетинг жылында да бәсеңдеген жоқ: шілденің бірінен бері ұнмен қоса есептегенде 3 млн тоннадан астам астықты сыртқа саттық», — деді ол жұма күні Kazgrain-2012 VI Қазақстандық астық форумында.

Вице-министрдің айтуынша, бұған Ресей, Қытай арқылы астық экспорттауға кететін шығындарға субсидия бөлу арқылы қол жетіп отыр.