«Алтын қазына» ақпараттық-көркем альбом жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Алтын қазына» ақпараттық-көркем альбом жарық көрді

«Алтын қазына» ақпараттық-көркем альбом жарық көрді

Алматыдағы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында 2004-2011 жылдарда іске асырылған

  • 13 Желтоқсан 2012
  • 351
Фото - Caravan.kz

«Мәдени мұра» бағдарламасының қорытындысы бойынша «Алтын қазына» ақпараттық-көркем альбомының тұсаукесері өтті. Көлемі 160 беттік бұл альбом «Ел-шежіре» қоғамдық қорының баспасында жарық көріп отыр. Оны құрастырып, түсінігін жазған Нұрлан Наурызәлиев.

«Алтын қазына» «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 2004-2011 жылдары еліміздің түкпір-түкпірінде және кейбір шет елдерде атқарылған тарихи, мәдени, ғылыми және реставрациялық жұмыстардың қысқаша ақпараттық қорытындысы болып отыр. Онда атқарылған жұмыстардың нақты көрінісін бейнелейтін суреттер, сондай-ақ өз мұрағат, мұражайларымыз бен кейбір шетелдік қорларда сақталған аса құнды қолжазбалар мен кітаптардың тізімі, фото суреттер берілген.

Перейти к новостям спорта