Бұл туралы дүйсенбі күні ұйымдастырушылардың сайтында хабарланды.
Бангкокта өткен байқауға 60 қыз қатысты, деп хабарлайды Ресей Жаңалықтар агенттігі.
Екінші орын — Үндістанның, ал үшінші орын Ливанның аруына бұйырды.
Ақшалай жүлденің көлемі 25 мың долларды құрады.
«Әлем туризмінің аруы — 2012» байқауында Қазақстан атынан Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Гүлнәр Біржанова шықты. Біздің бойжеткен байқаудың суретке жақсы шығатын келбетке ие қатысушысы атағын жеңіп алды.