Жерар Депардьенің қызы әкесін қорғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 484.19
  • 524.28
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жерар Депардьенің қызы әкесін қорғайды

Жерар Депардьенің қызы әкесін қорғайды

Француз актері Жерар Депардьенің қызы - Роксан Депардье әкесін қорғап, ашық хат жариялады.

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 318
Фото - Caravan.kz

«Менің әкем жала-налаға емес, құрметке лайық адам», — деп жазады ол.

Оның пікірінше, әкесі «атақты адам болғанына қарамастан,қай кезде де қарапайым тұрмыс кешкен және адамдарға жақын жүретін» .
«Байлық туралы айтқанда ол әрдайым «бейшара»,»байғұс байлар» сияқты сөздерді жиі қолданатын» деп жазады әртістің қызы.
Ж.Депардьенің пікірінше,өте жоғары салықтарды төлемес үшін Бельгияға көшу жөніндегі шешімі француз қоғамында үлкен әңгімеге айналған. Ж.Депардьені бірқатар француз саясаткерлері,солардың қатарында премьер-министр Жан-Марк Эро мен кейбір мәдениет қайраткерлері сынға алды. Осы сәтте Ж.Депардьені француз актрисасы Брижит Бардо қолдады.
Ж.Депардьенің белгиялық деревняда жылжымайтын мүлік сатып алғаны осыдан бір ай бұрын белгілі болған. Алайда ол кезде БАҚ құралдарының қолында бұның қандай мақсатта жасалғаны, актердің бельгия азаматтығын алу мәселесі туралы мәлімет жоқ еді.
Ж. Депардье ірі капиталға салықты көбейтуге уәде берген билік басына келген социалистерге сенімсіздікпен қарайтын Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозидің жақтаушысы ретінде француздық салық салудан осылайша құтылғысы келеді, деген пікірлер де жоқ емес.