Мемлекеттік қордан тұрғын үй алу үшін ҰОС қатысушыларына теңестірілген 492 астаналық кезекте тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік қордан тұрғын үй алу үшін ҰОС қатысушыларына теңестірілген 492 астаналық кезекте тұр

Мемлекеттік қордан тұрғын үй алу үшін ҰОС қатысушыларына теңестірілген 492 астаналық кезекте тұр

Қазіргі кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген 492 адам тізімде тұр.

  • 15 Қаңтар 2013
  • 375
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлайды.

Еске салайық, ҰОС қатысушылары санатындағы азаматтарға теңестірілгендер — жауынгер-интернационалистер, Чернобыл АЭС апатын жоюға қатысқандар, тыл еңбеккерлері, ҰОС қатысушыларының отбасы. Бүгінгі күні Астанада тұратын олардың саны — 1873 адам.

ҰОС ардагерлері, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 және 74 баптарына сәйкес егер олардың Қазақстан Республикасы аумағында жекеменшік құқықтағы тұрғын үйлері жоқ болса, мұқтаж деп танылады. Мұндай жағдайда олар кезек бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқына ие бола алады.

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтері бойынша, бүгінгі күні Астана қаласында тұратын барлық 318 ҰОС ардагері мен қатысушысы пәтермен қамтамасыз етілген.