«Кәсіпкерлік картасы» арқылы прокурорлардың жұмыстары бағаланатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кәсіпкерлік картасы» арқылы прокурорлардың жұмыстары бағаланатын болады

«Кәсіпкерлік картасы» арқылы прокурорлардың жұмыстары бағаланатын болады

Прокурорлардың кәсіпкерлерді қорғау бойынша атқарған жұмыстары «кәсіпкерлік картасын» енгізу арқылы бағаланатын болады.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 232
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында кәсіпкерлік мәселелеріне арналған бейнеконференция барысында Бас прокурордың орынбасары Андрей Карвченко мәлім етті.

«Прокуратура кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтіруді болдырмау жұмыстарын ағымдағы жылы да жалғастыратын болады. Бұл ретте, біз кәсіпкерлерді тексеруді жоспарлау мәселесінің заңдылығына баса назар аударуға ниеттіміз. Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесе отырып, біз кәсіпкерлікке қатысты әкімшілік кедергілерді қайта қарауды да жоспарлаймыз. Бұдан бөлек, бизнес саласындағы проблемаларды терең зерделеп, барлық облыс прокурорлары үшін «кәсіпкерлік картасын» ұдайы толтыру тәжірибесін қолға алатын боламыз. Осы «кәсіпкерлік картасы» арқылы біз облыс прокуратураларының кәсіпкерлікті қорғау бойынша жұмыстарын бағалауды көздейміз», — дейді А. Кравченко.

Оның айтуынша, бұндай карта прокурорлардың қызметін бағалап қана қоймай, кәсіпкерлікті қорғау бағытындағы проблемаларды анықтауға да жәрдем бермек.