Эпилепсиямен ауыратын балаларға дәрігер тағайындаған емді өзгертуге болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эпилепсиямен ауыратын балаларға дәрігер тағайындаған емді өзгертуге болмайды

Эпилепсиямен ауыратын балаларға дәрігер тағайындаған емді өзгертуге болмайды

Эпилепсияның себеп-салдарын анықтау өте қиын. Ол көп жағдайда ата-анаға байланысты.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 466
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматыда өткен «Диагностиканың инновациялық әдістері және эпилепсияны емдеу. Психоневрологиялық, нейрохиругиялық қызметтердің, SVS Nеvro қоғамдық бірлестігінің эпилепсиямен аурыатын клиенттерге көмек көрсетудегі өзара әркеттестігі» деп аталатын 2 күндік халықаралық конгресте айтылды.

«Эпилепсиямен негізінен балалар неврологтары айналысады. Өйткені аурудың бұл түрі 5 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Сондықтан оны дер кезінде анықтап, емдемесе оның арты қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Жалпы эпилепсияның себебі әлі күнге дейін беймәлім. Ол өте сирек жағдайда ғана анықталады. Эпилепсияның қазір генетикалық, яғни атадан балаға ауысатын формасы диагностикаланады. Көп жағдайда оның қалай пайда болғаны жұмбақ боп қалуда», — дейді ҚР Штаттан тыс бас балалар неврологы Алтыншаш Жақсыбаева. Медицина ғылымдары докторының айтуынша, қазір әлемде аурудың қайдан пайда болғанын емес, қалай емдеуге болатынын анықтауға мән берілуде. Өйткені эпилепсияны емдеуге болады. Алайда ол ұзақ мерзімге созылып, өмір бойы жүргізіледі. Онда препараттарды дұрыс таңдау қажет және оны дәрігердің нұсқауынсыз тоқтатуға болмайды. Кейде ата-аналар балалардың бойынан қандай оң өзгеріс байқалса да, өз бетімен ем жасап, преператтарды қабылдауды тоқтатады. Бұл жағдайдан кейін бұл преператтар науқасқа әсер етпейтін болады және оны ауыстыратын басқа преператты табу өте қиын.

Алтыншаш Хайруллақызының сөзіне қарағанда, қазіргі таңда диагностика жақсарғанымен аурулар саны азайған жоқ. Бұл ахуал бүкіл әлемге ортақ мәселе.