Астанада режиссер Болат Ұзақовтың 50 жасқа толу мерейтойына орай шығармашылық апталығы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада режиссер Болат Ұзақовтың 50 жасқа толу мерейтойына орай шығармашылық апталығы өтеді

Астанада режиссер Болат Ұзақовтың 50 жасқа толу мерейтойына орай шығармашылық апталығы өтеді

Қаңтар айының 22 мен 25 аралығында алғаш рет Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымында, режиссер Болат Ұзақовтың 50 жасқа толған мерейтойы құрметіне «Режиссер әлемі» атты шығармашылық апталығы өтеді. Бұл туралы театрдыңс баспасөз қызметінекн хабарлады.

  • 18 Қаңтар 2013
  • 463
Фото - Caravan.kz

Апталық барысында режиссер сахналаған қойылымдар: 22 қаңтарда — У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы; 23 қаңтарда — С.Тұрғынбекұлының «Мұқағали» поэтикалық драмасы; 24 қаңтарда — Д.Рамазанның «Кенесары — Күнімжан» драмасы көрсетіледі.

25 қаңтар күні сағат 18.30-да режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақовтың «Режиссер әлемі» атты шығармашылық кеші өтеді.

Болат Қасымжанұлы Ұзақов- режиссер, актер және драматург. 1997 жылы Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына режиссер қызметіне арнайы шақырумен келген.

1980-1984 жылдары Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институтының театр факультетін халық артисі А.Тоқпановтың және халық артистері Ы.Ноғайбаев пен Ф.Шәріпованың шеберханасын «Кино және театр актері» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1994-1997 жылдары Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Драма режиссері» мамандығын халық артисі М.Байсеркенов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері С.Асылхановтан бітірді.

1984-1997 жылдары Талдықорған облыстық Б.Римова атындағы қазақ драма театры сахнасында 40-қа жуық кейіпкер сомдап, театрдың белді актері болды. Ойнаған образдары арқылы өзінің сахнада ойлай білетін, жан-жақты шебер актер екенін танытты. Сахнагер ретінде еңбегі бағаланып, көптеген фестивальдерден жүлделі орындар мен мақтау грамоталарына және бағалы сыйлықтарға ие болды.

Перейти к новостям спорта