Павлодардағы саңырауларға арналған интернат тәрбиеленушілері республикалық сурет байқауының жеңімпаздары атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы саңырауларға арналған интернат тәрбиеленушілері республикалық сурет байқауының жеңімпаздары атанды

Павлодардағы саңырауларға арналған интернат тәрбиеленушілері республикалық сурет байқауының жеңімпаздары атанды

Саңырау және нашар еститін балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының оқушылары республикалық балалар сурет байқауында төрт аталым бойынша жүлделі орындарға ие болды.

  • 22 Қаңтар 2013
  • 477
Фото - Caravan.kz

Павлодар облыстық білім басқармасынан хабарлағандай, оны өткен жылдың соңында мәскеулік «Исток Аудио Трейдинг» ЖШБ ұйымдастырды.

Байқауға Қазақстандағы саңырау және нашар еститін балаларға арналған 14 интернаттан 200-ден астам бала қатысты. Өздерінің жұмыстарында олар қазақ халқының дәстүрлерін, өздерінің ел болашағын қалай көретіндерін бейнеледі.

Нәтижесінде павлодарлық Нұрбахыт Жүнісов, Айжан Тәтенова, Даниил Краснощековтың суреттері үздік деп танылды. Кәмил Аллаяровтың жұмысы бағалы сыйлықпен атап өтілді. Бұдан басқа, мектепке сабақтарды өткізуге арналған акустикалық жабдық қойылады. Интернат шәкірттеріне заманауи есту құрылғыларын орнату жөнінде ұсыныс жасалды.

«Шығармашылық сайыстың арқасында біз Орталық Азияның ең әдемі елдерінің біріне жаңаша қарап, оның талантты балаларына қарап тамсандық», — деп атап өтті байқаудың ұйымдастырушылары.

Перейти к новостям спорта