Қазақстанда өтетін өнер фестиваліне Ресей, Грузия, Македония, Чехия, Белоруссия мен Украинаның дарынды балалары қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өтетін өнер фестиваліне Ресей, Грузия, Македония, Чехия, Белоруссия мен Украинаның дарынды балалары қатысады

Қазақстанда өтетін өнер фестиваліне Ресей, Грузия, Македония, Чехия, Белоруссия мен Украинаның дарынды балалары қатысады

Наурыздың 22-сі мен 28-і аралығында Алматыда балалардың І халықаралық «Almaly.kz» өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды «Таңсәрі» қоғамдық қоры.

  • 29 Қаңтар 2013
  • 403
Фото - Caravan.kz

«Фестиваль жеті күн бойы жалғасады. Осы уақыт ішінде Қазақстан, Украина, Ресей, Грузия, Осетия, Македония, Чехия мен Белоруссияның түрлі қалаларынан келген 800 бала өнер көрсетеді. Байқауға 20 мыңға жуық көрермен қатысады деген жоспарымыз бар», — делінген хабарламада.

Әділ қазылар алқасына Қазақстан, Грузия, Ресей, Латвия, Италия мен Белоруссияның белгілі қоғам қайраткерлері шақырылып отыр.
Фестиваль Мәдениет және ақпарат, «Білім және ғылым министрліктері, Алматы әкімі, РФ Қазақстандағы консулдығының қолдауымен өткізілмек.

Перейти к новостям спорта