Алматыда І халықаралық «ALMALY.KZ» балалар өнер фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда І халықаралық «ALMALY.KZ» балалар өнер фестивалі өтеді

Алматыда І халықаралық «ALMALY.KZ» балалар өнер фестивалі өтеді

2013 жылдың 22-28 наурыз күндері Алматыда І халықаралық «ALMALY.KZ» балалар өнер фестивалі өтеді. Бұл туралы фестивальді ұйымдастырушылардың бірі - «Таңсәрі» продюсерлік орталығынан хабарлады.

  • 1 Ақпан 2013
  • 553
Фото - Caravan.kz

Шараға Қазақстанның, Чехияның, Италияның, Латвияның, Грузияның және Ресейдің көрнекті мәдениет қайраткерлері шақырылып отыр.

Фестивальдің ашылуы 22 наурызда «Астана» алаңында өтеді. Конкурстық сайыстар Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында болады.

Конкурстық бағдарламасында вокал, хореография, театр, пародия, сән театры, кішкентай арулар, «Жүз секундта таңғалдыр» бірегей аталымдары бар.

Конкурсқа әлемнің әртүрлі елдерінен 5 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қатыспақ.

Фестивальді «Таңсәрі» продюсерлік орталығы мен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырғалы отыр.

Өнер жарысының мақсаты — жас таланттарды анықтап, балалардың адамгершіл, мәдени және шығармашылық жетістіктерін дамыту болмақ.

Перейти к новостям спорта