2 ақпанда Мәдениет сарайында «Жас қанат» байқауы өтеді - Өскемен - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2 ақпанда Мәдениет сарайында  «Жас қанат» байқауы өтеді - Өскемен

2 ақпанда Мәдениет сарайында «Жас қанат» байқауы өтеді - Өскемен

2013 жылдың 2 ақпанында Өскемен қаласындағы Металлургтер Мәдениет сарайында «Жас қанат» облыстық жас орындаушылар байқауы өтеді.

  • 1 Ақпан 2013
  • 696
Фото - Caravan.kz

Байқау Шығыс Қазақстан облысының ән өнерін дамыту, қазақ ұлтының, жас ұрпақтарының орындау шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

І тур — сағат 10.00-де Металлургтер Мәдениет сарайында (ММС)

ІІ тур (концерт) — сағат 18.00-де Металлургтер Мәдениет сарайында (ММС)

Облыстық іріктеу топтан өткен жас орындаушылар 2013 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтетін республикалық «Жас Қанат» байқауына қатысуға жолдама алады.

Байқаудың шарттары:

· Байқауға жеке орындаушы және вокалды ән ансамбльдері қатысады;

· Байқауда екі ән орындалады. Репертуарға шектеу қойылмайды, бірақ, әннің өңделуі міндетті түрде заман талабына сай болады.

· Жас ерекшелігі 30 жасқа дейін;

Кіру тегін.

Перейти к новостям спорта