«Дәстүрлі музыка декадасы» акциясы басталды - ШҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Дәстүрлі музыка декадасы» акциясы басталды - ШҚО

«Дәстүрлі музыка декадасы» акциясы басталды - ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Өскемен қаласында «Дәстүрлі музыканың он күндігі» акциясы өз жалғасын табуда.

  • 4 Ақпан 2013
  • 637
Фото - Caravan.kz

28 қаңтардан бастап орыс дәстүрлі әндерінің онкүндігі басталды.
Акцияның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын орыс ұлтының өнері және мәдениетімен жақынырақ таныстыру, халықтар достығын насихаттау, мәдени ынтымақтастықты нығайтуы.
Акция аясында арнайы топ құрылып, оның құрамына Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан Халықтары ассамблеясының мүшелері енді.
Топ мүшелері Өскемен қаласының аумағында орналасқан ірі сауда орталықтары, мейрамханалар, дәмханалар, жедел тамақтану орындары, кофеханалар мен қоғамдық орындарының басшаларымен келісіп, заманауи және дәстүрлі әндер жазылған баспа табақшаны салтанатты түрде табыс етті.
Арнайы топ күнделікті акцияның орындалуын бақылап, оның қорытындысы бойынша белсенді атсалысқан мекемелерді марапаттайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақ халқының дәстүрлі және заманауи әндерінің он күндігі өткен.


Перейти к новостям спорта