Астанада жыл сайын өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне биыл 10 жыл толғалы отыр. Соған орай Рим папасы Бенедикт ХVІ қазақстандықтарды өз еліне шақырған болатын. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған ресми делегацияның құрамында БҚО әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен де бар.
Осы шара аясында еліміздің атынан Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның «Орал сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Ватиканда өнер көрсетпек.