СҚО-да мемлекет қайраткері Ф.Кәріпжановқа арналған фотокөрме ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да мемлекет қайраткері Ф.Кәріпжановқа арналған фотокөрме ашылады

СҚО-да мемлекет қайраткері Ф.Кәріпжановқа арналған фотокөрме ашылады

Ертең Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы Қазақ КСР-нің мемлекет және қоғам қайраткері Фазыл Кәрімұлы Кәріпжановқа арналған «Өмір парақтары» атты фотокөрме ашылады.

  • 5 Ақпан 2013
  • 431
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі таратты.

Фазыл Кәрімұлы 1940-1945 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында тұрып, еңбек етті. Петропавл сұрып сынағы учаскесін және Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімін басқарды. Көрмеде Алматы және Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаттарынан алынған Ф.Кәріпжановтың фотосуреттері мен құжаттарының фотокөшірмелері қойылған.

1953-1960 жылдары Ф. Кәріпжанов Ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан Компартиясы ОК ІІ хатшысы, Қаз КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының төрағасы міндеттерін атқарды.

Перейти к новостям спорта