Астанада «Текті сөздің төресі - терме» атты республикалық бәйгенің қорытынды кеші өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Текті сөздің төресі - терме» атты республикалық бәйгенің қорытынды кеші өтеді

Астанада «Текті сөздің төресі - терме» атты республикалық бәйгенің қорытынды кеші өтеді

Халқымыздың кезінде ұлттық тәрбиеге ұстын еткен, асыл дінімізді насихаттаудың, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, адал ман харамды ажыратудың құралы болған терме жазу шығармашылығы кейінгі кезде тоқырап қалғандай.

  • 6 Ақпан 2013
  • 567
Фото - Caravan.kz

Әр сөзі мірдің оғындай көздеген нысанаға дөп тиіп, көңіл көзін ашып, шөліркеген рухқа зәмзәм суындай шипа болатын заманға лайық жаңа терме бүгін де керек. Осыған орай «Әзірет Сұлтан» мешіті Республикалық «Текті сөздің төресі — терме» бәйгесін жариялаған болатын.

Тәуелсіздік алғалы алғаш рет ұйымдастырылып тұрған жаңа термелерге арналған бұл бәйге өз мәресіне жетті. Ақпанның 9-ы күні Астана қаласының «Конгресс-Холл» сарайында, сағат 14:30-да бәйгенің қорытынды кеші өтеді. Кешке мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері қатысады.

Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеште жүлделі орындарға ие болған үздік жаңа термелер орындалып, жүлдегерлер марапатталады. Бас жүлдеге шетелдік автокөлік тігіліп отыр. Бір бірінші орынға — 1 500 000 теңге сыйлық берілмек. Екі екінші орынның әрқайсысына 750 000 теңгеден, үшінші үш жүлдегерге 500 000 теңгеден беріледі. 15 адамға ынталандыру сыйлықтарына умра қажылыққа жолдамлар бері көзделіп отыр. Сондай-ақ ең үздік мақам жүлдесіне берілетін үш сыйлық 150 000 теңгеден болмақ. Ал ең үздік орындаушы (3 жүлде) 150 000 теңгені иеленбек.

Перейти к новостям спорта