Алматыда «Мен таулықпын...» деп аталатын поэзия кеші өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Мен таулықпын...» деп аталатын поэзия кеші өтіп жатыр

Алматыда «Мен таулықпын...» деп аталатын поэзия кеші өтіп жатыр

Бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Мұқағали Мақатаевтың туғанына 82 жыл толуына орай «Мен таулықпын...» деген тақырыптағы поэзия кеші өтіп жатыр.

  • 7 Ақпан 2013
  • 634
Фото - Caravan.kz

«Бұл шара артына өлмес өрнектерін, ел көңілінде, жұрттың жүрегінде жатталып қалған айшықты өлеңдерін, мөлдір поэзиясын қалдырған қазақ халқының ақиық ақынын ұлықтауға арналып отыр. Оған университет оқытушылары мен профессорлары, студенттері және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, мұқағалитанушы Шаяхмет Имашұлы пен осы жоғары оқу орнының доценті, публицист Құдиярбек Ағыбаев қатысуда», — дейді университеттің баспа орталығының бас маманы Әлия Асмағұлова.

Оның айтуынша, поэзия кешінде естеліктер айтылып, Мұқағали шығармашылығы ғана сөз болып қалмай, студент ақындар да өз өлеңдерін оқуда.

Перейти к новостям спорта