Атырау жас таланттарды іздестіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау жас таланттарды іздестіруде

Атырау жас таланттарды іздестіруде

Атырау облысында жас таланттарды анықтау мақсатымен конкурс жарияланды.

  • 9 Ақпан 2013
  • 463
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның айтуынша, конкурс Х.Досмұхамедов атындағы университеттің базасында «Менің Отаным — Қазақстан» және «Мен педагог мамандығын таңдаймын» деген екі аталымда өткізіледі. Оған 10-11 сыныптар оқушылары қатыса алады.

Сайысқа қатысушылар туған өлкесі, өз айналасындағы адамдар жайлы әңгімелеп, неге педагог болғысы келетіндіктерін негіздеуі тиіс. Конкурстың мақсаты — жас адамдардың патриоттық сезмдерін дамыту, сондай-ақ өз өмірін педагог қызметіне арнағысы келетін адамдарды анықтау болмақ. Жеңімпаздарға университетте оқуға гранттар берілмек.