Фестивальде жас қазақстандық композитор-пианист Әбдісағын Рахат-Бидің виолончель және фортепиано үшін «Тоннель соңындағы жарық» пьесасының премьерасы өтеді. Шығарманы «Ensemble Nostri Temporis» және «Рикошет» ансамбльдерінің ұйымдастырушылары, танымал украиндық музыканттар Золтан Алмаш және Алексей Шмурак орындайды.
Сонымен қатар жас дарын ағымдағы жылдың 9-22 ақпан аралығында Грац (Австрия) қаласында өтетін Халықаралық заманауи музыка форумында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.
Атап өтейік, Рахат-Би — Беат Фуррер, Жорж Апергис, Пьерлуиджи Биллоне және басқа да әлемдік композиторлар қатысатын форумның кәмелеттік жасқа толмаған жалғыз қатысушысы. Форумға 40-тан астам мемлекет қатысады.