Осы кезең ішінде екі мемлекет сенімге негізделген достық қарым-қатынастарды орнатты.
Бұл туралы Чехиядағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
ҚР елшілігі және жоғары оқу орнының жаратылыстану факультетінің география секциясы ұйымдастырылған көрмеге дипломаттар, жетекші жоғары оқу орындарының және Чехия БАҚ өкілдері, сондай-ақ студенттер қатысты.
Сонымен бірге көрмеде танымал қазақстандық суретші, Сурет өнері академиясының құрметті мүшесі (Прага, Чехия) Лейла Махаттың экспозициясы қойылды.
Аталмыш «Қазақстан Еуразияның жүрегінде» атты көрме ағымдағы жылдың 17 наурызына дейін созылады.