Қазақ киноларын интернеттен көру мүмкіндігі туды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ киноларын интернеттен көру мүмкіндігі туды

Қазақ киноларын интернеттен көру мүмкіндігі туды

Ғаламтор атты шексіз әлемнен үздік кинотуындыларды тауып, «онлайн» режимінде көретініміз бар.

  • 14 Ақпан 2013
  • 546
Фото - Caravan.kz

Бірақ кейде қазақ кинофильмдерін таба алмай дал боламыз. Жаңа киноленталар былай тұрсын, алтын қорда сақталған кесек дүниелерді табу да қиынға соғады. Қа­зақ киносының шынайы жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық — «Киви» бей­непорталы қазақ фильмдерін бі­ріктіріп, арнайы интернет-кинозалын ашып отыр, деп жазады «Айқын» газетінің тілшісі Әйгерім Досым.

Кинозалда көркем, тарихи һәм де­рек­ті кинофильмдер топтастырылған. Тіпті, анимациялық кинотуынды­лар­мен қатар, қазақ киносының классика­лық үлгілері мен соңғы киноленталарды да табуға болады. Кiwi.kz/kazakhfilm деп аталатын порталдан 23 отандық өнім­ді табуға болады.

Кинотуындыларды оңай іздеп, ер­кін көре аласыз. Қуантарлығы, әрбір киносеанс үшін ақы төленбейді. Бола­шақта мұрағат қоры толықтырылады. Тағы бір қуантарлық жайт, отандық кинотуындыларды тек қазақстандық киномандар ғана емес, шетелде тұра­тын қандастарымыз да тамашалай алады. Аталмыш жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі мен қазақстандық ин­тер­нетті һәм ресурстарды дамыту ассо­циациясының мұрындық болуы­мен жүзеге асырылып отыр. Ал «Киви» ре­сурсы — жобаның негізгі әріптесі.

Перейти к новостям спорта