ЭКСПО-2017: ШҚО кітапханасы өз бағдарламасын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-2017: ШҚО кітапханасы өз бағдарламасын ұсынды

ЭКСПО-2017: ШҚО кітапханасы өз бағдарламасын ұсынды

ШҚО А.С. Пушкин атындағы кітапханасы ЭКСПО-2017 көрмесіне өз бағдарламасын ұсынды.

  • 14 Ақпан 2013
  • 834
Фото - Caravan.kz

«Бүкіл қазақстандықтардың Халықаралық көрмені өткізуге белсенді қатысатынына атсалысатынына менің ешқандай күмәнім жоқ», – деген Елбасымыздың сөздері А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада жүзеге асуда.

13 ақпанда кітапханада ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне арналған жеке бағдарлама бастау алды.
Кездесу барысында ЭКСПО тарихынан алынған қызықты дәлелдер, шабыт берер статистика, осы көрнекті Халықаралық көрмеге Қазақстанның қатысуы, оқиға орнынан сыр шертетін бейнеүзінділер ұсынылды. Мұның барлығы қатысушылардың бұл ірі әлемдік оқиға жайында өз түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Пушкин кітапханасы арнайы веб-сайт бөлімін құрастырды, ол облыс халқын бүкіләлемдік көрме туралы ақпараттандыруға бағытталған. Аталған сайт іс-шара кезінде халық назарына ұсынылмақ.
«Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алуда аса зор мүмкіндік», – деген Президентіміз Н.Ә. Назарбаев. «ЭКСПО-2017. Астана» бейнепрезентациясы қонақтарды Қазақстанның жобасымен таныстырды. Қатысушылар астанамыздың келбеті бес жылда қаншалықты өзгеретіні, ғалымдар, сәулетшілер, құрылысшылар мен дизайншылардың Халықаралық көрмеге қандай тосынсыйлар әзірлегенін танып-біле алды. Қазақстан тарихындағы осы ірі оқиға – ғылыми әрі шығармашылық ойдың жаңа айналымын сомдап, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму беделін жаңғыртады. Бұл орайда ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы – «Болашақ энергиясының» өзіндік терең мәні бар.

Перейти к новостям спорта