Бұл жобаның ұйымдастырушысы Эссеккс университетіндегі Қазақ қоғамдастығы болып табылады. Осы күні студенттер университет қонақтарын Қазақстан мәдениетімен таныстыратын болады.
Университет аумағында дәм беру, ұлттық ойындар және жарыстар өткізіліп, ұлттық дәстүрлер таныстырылады, сондай-ақ концерт, 50 студенттің қатысуымен «Қара жорға» биі ұйымдастырылады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы мерейтойына арналған іс-шараларда Ұлыбританиядағы қазақ қоғамдастығының президенті, Қазақстанның Ұлыбритания Бірлескен Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Әбусейітов, сондай-ақ елшіліктің өзге де қызметкерлері қатысады деп күтілуде.
Жобаның мақсаты — университет жастарын біріктіру және халқымыздың салт-дәстүрлерімен таныстыру, сондай-ақ қазақстандық студенттердің біртұтастығын көрсету.