Алматыда Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі ашылды

Алматыда Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі ашылды

Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында Орталық Азия қолөнер шеберлерінің «Бәйшешектер гүлдегенде» атты дәстүрлі көрме-жәрмеңкесі ашылды.

  • 4 Наурыз 2013
  • 492
Фото - Caravan.kz

Оған биыл Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің 150-ге жуық қолөнершісі қатысуда.

«Қолөнер өз атауында тұрғандай тұрмыс пен шаруашылық саласындағы қажеттілікті қамтамасыз ететін өнердің бір саласы. Қазіргі таңда қолөнер бұйымдарына деген сұраныс жоғары. «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп өткізген бұл шараның мақсаты — қолөнер туындыларын тамашалап қана қоймай, ұнаған бұйымды сатып алуға мүмкіндік туғызу», — дейді ҚР Мемлекеттік орталық мұражайы директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары Бибігүл Дандықараева.

Оның айтуынша, көктем мерекесі қарсаңында өтіп отырған көрме-жәрмеңке 2 күнге созылады. Онда тері, киіз, жібек, ағаш, металл, қыш пен тастардан жасалған киім-кешектер, әшекей бұйымдар, ыдыстар, саз аспаптары мен кәдесыйлар ұсынылып отыр.

Перейти к новостям спорта