Мүмкіндігі шектеулі әйелдер арасында караокеде ән айтудан байқау өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүмкіндігі шектеулі әйелдер арасында караокеде ән айтудан байқау өтеді

Мүмкіндігі шектеулі әйелдер арасында караокеде ән айтудан байқау өтеді

- 5 наурыз күні Алматыда тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі әйелдер арасында караокеде ән айтудан байқау өтеді.

  • 4 Наурыз 2013
  • 539
Фото - Caravan.kz

Караоке байқауды мүгедектігі бар әйелдердің «Шырақ» қауымдастығы Ерлан Көкеевтің «Ретро Шлягер» мейрамхана-клубының қолдауымен ұйымдастыруда. Оған 30 әйел қатысады.

Байқау 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырылуда. Бұл күннің көптеген атаулары бар: көктем, махаббат, сұлулық мерекесі. 8 наурыз күні барлық әйелдер ерекше әдемі және мейірімді болуға тырысады.

Ойын-сауық іс-шарасының соңында «Ретро Шлягер» клубы барлық қатысушыға арнап дастархан жаяды, ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ байқау қатысушыларына арнап Қазақстан эстрадасының жұлдыздары — Айжан Нұрмағанбетова, Карина Абдулина және Фархат Ескенеев ән шырқайтын болады.

Перейти к новостям спорта