Футбол: «Шахтер» - Қазақстан суперкубогының иегері - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: «Шахтер» - Қазақстан суперкубогының иегері

Футбол: «Шахтер» - Қазақстан суперкубогының иегері

Кеше «Астана Арена» стадионында өткен ойында қарағандылық «Шахтер» командасы «Астананы» жеңіп, Қазақстан суперкубогының иегері атанды.

  • 4 Наурыз 2013
  • 486
Фото - Caravan.kz


Бұл ойында алдымен «Шахтер» есеп ашып, 2:0-ге дейін апарды. Дегенмен «Астана» футболшылары доп айырмашылығын қысқарта білді. Ал, ойынның 90-шы минутында тағы бір гол соқты. Есеп — 2:2. Осыдан кейін қосымша уақыт берілді. Онда «Шахтердің» жолы болды. Жамбыл Көкеев екі қорғаушыны алдап өтіп, қақпашыны қапы қалдырды. Есеп — 3:2. Тартысқа толы ойында бағы жанған қарағандылық «Шахтер» командасы Қазақстан суперкубогының иегері атанды.