Оралда белгілі күйші-термеші М.Кәримуллинді еске алу кеші болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда белгілі күйші-термеші М.Кәримуллинді еске алу кеші болды

Оралда белгілі күйші-термеші М.Кәримуллинді еске алу кеші болды

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында республикаға танымал күйші-термеші Мұрат Кәримуллиннің 60 жылдығына орай еске алу кеші болды.

  • 5 Наурыз 2013
  • 607
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстанның Жәнібек ауданында туып-өскен Мұрат Кәримуллиннің ғұмыры қысқа болып, небәрі 37 жыл өмір сүрсе де, өнер көгінде жұлдыздай жарқырап өтті. Алматыда музыкалық білім алып, республикалық, бүкілодақтық додаларда топ жарған ол халық өнерін, бірегей композиторлардың туындыларын насихаттаудан жалыққан жоқ.

Оралда өткен кеште белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева, әнші-композиторлар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Донеділ Қажымов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Дәукенова, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ермек Қазиев және басқалар естеліктерін айтты, арнау өлеңдер оқылып, күй тартылып, ән-термелер орындалды. Концертке сондай-ақ әйгілі «Айгүл» ансамблінің әншісі Қарлығаш Мұртазина, М.Кәримуллиннің жары Ұлмекен Төлеуова, немересі Жантөре, ағасының ұлы Абзал Кәримуллиндер қатысты.

Кеш жиналғандарға жылы әсер қалдырды.

Перейти к новостям спорта