Қазір кітап жазуда автор мен оны жарыққа шығарушының жауапкершілігі әлсіреп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазір кітап жазуда автор мен оны жарыққа шығарушының жауапкершілігі әлсіреп кетті

Қазір кітап жазуда автор мен оны жарыққа шығарушының жауапкершілігі әлсіреп кетті

Ғылыми кеңестің ұйғарымынсыз жарық көрген кітаптарға жан-жақты ғылыми сараптама жасау қажет. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Зарема Шаукенова бүгін Алматыда «Философиялық сұхбат мүйісі» және «Философская гостинная» деп аталатын ғылыми-көпшілік басылымдарының тұсаукесері кезінде айтты.

  • 5 Наурыз 2013
  • 497
Фото - Caravan.kz


«Қазір жарық көріп жатқан жаңа кітаптар туралы қоғам мүшелері өз ой-пікірлерін ашық айтып, қызу пікірталастар жасап жүр. Алайда кейде ақиқатты белден басып, шындықтан тысқары кетіп жатқандар да кездеседі. Меніңше пікірсайыс кезінде кәсіби маман ретінде ғалымдар шынайылықты және жауапкершілікті ұстануы керек», — дейді З.Шаукенова. ҚР ҰҒА корреспондет-мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторының айтуынша, кейбір авторлар өз кітабын шығаруда рецензенттердің көмегіне жүгінбей, оны өзі жазып жүр. Ал бірқатар рецензенттердің кітапты толық оқымай жатып, авторға деген жеке көзқарасы бойынша оның жазған реценциясына қол қойып беріп, артынан сан соғып қап жататын жәйттері де кездесуде. Сондықтан талғамға талас жоқ дегенмен, сапаға мән беру кезінде кітап авторы мен оның шығарушысының жауапкершілігін күшейту қажет, дейді З.Шаукенова.

Перейти к новостям спорта