Волейболдан Жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 4-ші туры бүгін басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 4-ші туры бүгін басталады

Волейболдан Жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 4-ші туры бүгін басталады

Астанада 7-12 наурыз күндері волейболдан Жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 4-ші туры өтеді.

  • 7 Наурыз 2013
  • 401
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін 13-18 қараша мен 13-18 желтоқсан күндері Алматыда және 12-17 ақпанда Астанада өткен турларда Алматы қаласының «Алматиночка-Алматы» командасы қарсылас шақ келтірмей, бәрін де ұтқан болатын. Қазір олар 15 ойыннан кейін 44 ұпаймен турнир кестесінде қара үзіп кетті. Одан кейінгі орындарда Оңтүстік Қазақстан облысының «Қазығұрт» ( 31 ұпай), Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш и К» (27 ұпай), Алматы облысының «Жетісу-2» (15 ұпай), Астана қаласының «Оқушылар сарайы» (14 ұпай) және Алматы қаласының «ЦСКА-ВКС-КазАСТ» (4 ұпай) командалары келе жатыр.

Елордадағы бұл бәсекеде алғашқы күні Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстары, Алматы қаласының қос командасы және астаналықтар мен Солтүстік Қазақстан облысының волейболшылары кездеспек.