Жәния Әубәкірова Мәскеу консерваториясының сахнасында өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жәния Әубәкірова Мәскеу консерваториясының сахнасында өнер көрсетті

Жәния Әубәкірова Мәскеу консерваториясының сахнасында өнер көрсетті

ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова П.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының Кіші залының сахнасында өнер көрсетті.

  • 11 Наурыз 2013
  • 621
Фото - Caravan.kz

«Сергей Рахманинов. Туғанына 140 жыл құрметіне» атты концертте Мариин театрының симфониялық оркестрінің музыканттары: халықаралық байқаулардың лауреаты, скрипкашы Кирилл Терентьев және РФ еңбек сіңірген әртісі, виолончелист Олег Сендецкий өнер көрсетті. Рояльда — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова.

С.Рахманиннің камералық-аспапты туындылары: виолончель мен фортепианоға арналған сонато және №2 элегиялық трио орындалды.