Астанада 2 күндік би олимпиадасы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 2 күндік би олимпиадасы басталды

Астанада 2 күндік би олимпиадасы басталды

Бүгін Астанада қазіргі заманғы және спорт билері бойынша ІІІ қазақстандық Би Олимпиадасы басталды.

  • 17 Наурыз 2013
  • 395
Фото - Caravan.kz

Шараға еліміздің 10 аймағы мен көршілес мемлекеттерден 700-ден астам биші қатысады.

Олимпиада балет, халықтық, шығыстық, балдық және эстрадалық билер, степ, сальса, тіпті мүгедектер үшін «бесік арбадағы би» сияқты барлық бағыттар бойынша өтеді. Фестиваль — мүгедек жандарға қуаныш сыйлайды, олардың әлеммен қауышуына, жетілуіне мүмкіндік береді. Жыл сайын қазақстандық Би Олимпиадасының бағдарламасына мүгедек жандардың сайыстары кіреді. Ұйымдастыру комитеті Қазақстандық Би Паралимпиадасы аясында «Би — оңалту құралы» фестивалінің бағдарламасын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Тағы бір айта кетер жағдай, олимпиадаға қатысушылардың 40%-ға жуығы балалар. 5 жасар бүлдіршіндер Олимпиадада алғашқы рет сахнаға шығып, кәсіби бишілермен бақ сынасады.

2 күн бойы өтетін сайысқа қатысушыларды Ресейден, Өзбекстаннан, Кубадан, Қазақстаннан және Қырғызстаннан келген қазылар алқасының мүшелері бағалайды.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің, Астана қаласы Мәдениет департаментінің, қалалық Туризм, дене тәрбиесі, спорт басқармасының қолдауымен ҚР «Қазіргі Заманғы және Спорттық би» РҚБ мен Жалпыресейлік би ұйымы (Мәскеу) ұйымдастырған.

Перейти к новостям спорта