Қармақшыда Жаңабек Жетіруовтың «Аққыз» фильмі көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қармақшыда Жаңабек Жетіруовтың «Аққыз» фильмі көрсетілді

Қармақшыда Жаңабек Жетіруовтың «Аққыз» фильмі көрсетілді

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы жыраулар үйінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Аққыз» атты фильмі аудан жұртшылығының назарына ұсынылды.

  • 26 Наурыз 2013
  • 445
Фото - Caravan.kz

«Аққыз» фильмі бұл — қазақ халқының пайда болуы туралы мифологиялық көзқарасқа құрылған тың дүние. Сценарий авторы әрі фильмнің қоюшы режиссері, Сыр өңірінің тумасы Жаңабек Жетіруов «Аққызды» түсіргендегі ең бірінші мақсаты көрермендердің қазақи сана-сезімін қалыптастыру болғанын айтады. Яғни, халықтың назарын қазақтың төл мәдениетіне бұру. Бұл фильмнің негізгі оқиғасы бүгінгі заманда өтіп жатқанымен, фильмде көрініс табатын Асан қайғы, Қорқыт ата, Қарлығаш билер өткен заманда өмір сүрген ата-бабаларымыз бізді өз назарынан тыс қалдырмайды. Біз солардың назарындамыз деген ойды білдіреді.

Ұлттық кинематографияда өзіндік қолтаңбасы бар қазақ режиссерінің аталмыш фильмі Эстонияның Таллин, Үндістанның Дели, Түркияның Анталия қалаларында өткен халықаралық кинофестивальдерге қатысқан. Осылайша әлемнің әр шалғайын аралап келген картина аудан жұртшылығынан, көрермендерінен, зиялы қауымнан өзіне лайық жоғары бағасын алды.

Перейти к новостям спорта