Қазақ театры режиссурасында тоқырау болып тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ театры режиссурасында тоқырау болып тұр

Қазақ театры режиссурасында тоқырау болып тұр

Қазақ театрындағы режиссуралық дағдарыс алаңдататын жағдайда. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан театрлары: бүгіні және болашағы» деп аталатын республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

  • 26 Наурыз 2013
  • 540
Фото - Caravan.kz

«Соңғы 1 жылдың ішіндегі театр репертуарына көз жүгіртетін болсақ, мынау жұрттың айтулы спектаклі болды деп ауыз толтырып айтатындай қойылым жок екені белгілі. Іргелес жатқан қырғыз театрының оқ бойы озып кеткенін мойындау керек. Олардың Чехов фестиваліне қатысуын бүкіл Орталық Азия театрлары үшін елеулі мәдени оқиға деп бағалауымыз керек», — дейді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану докторы Бақыт Нұрпейіс.

Кино, телевидение және өнертану факультеті деканының айтуынша, кейбір облыстық театрлардың көптеген спектаклдері сын көтермейді. Онда баттиып тұрған кемшілік болмағанмен, көрерменді тартпайды. Оның себебі режиссураның драматургиялық шығарманы сахналық туындыға айналдыра алмауында. Бүгінгі режиссуралардың бірқатары актерлармен жұмыс жасауды босаңсытып алғаны байқалады. Облыстық театрлардың көпшілігінде бұрыннан қалыптасқан актерлік мектептің қожырай бастағаны да жасырын емес. Аға, орта және жас буын арасындағы сабақтастық азайып бара жатыр.

Перейти к новостям спорта