Алматыда жылдың үздік актерлары мен актрисалары марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жылдың үздік актерлары мен актрисалары марапатталды

Алматыда жылдың үздік актерлары мен актрисалары марапатталды

Кеше Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жылдың үздік актерлары мен актрисалары марапатталды.

  • 27 Наурыз 2013
  • 854
Фото - Caravan.kz

Марапаттауды қала әкімдігі жанынан құрылған Театр директорлары кеңесі өткізді.

Мәселен, Құрмет грамоталарымен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік акадамиялық драма театрынан Ләззат Қалдыбекова мен Берік Айтжанов, М. Лермонтов атындағы мемлекеттік орыс драма театрынан Ирина Лепсак пен Михаил Токарев, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрынан Мерей Әжібеков пен Лидия Кәденова, Республикалық кәріс мемлекеттік музыкалық комедия театрынан Нина Дью мен Антонина Пяк, Республикалық неміс драма театрынан Лариса Фатеева мен Илья Садыков, Қуыршақ театрынан Еркеш Жүнісова мен Евгений Яшнев марапатталды.

Перейти к новостям спорта