Қазақ әртістері орысша, ал орыс театрының әртістері қазақша ән шырқайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ әртістері орысша, ал орыс театрының әртістері қазақша ән шырқайтын болды

Қазақ әртістері орысша, ал орыс театрының әртістері қазақша ән шырқайтын болды

Шығыс Қаақстан облысының театрлары Дулат Исабековтің «Бақыт құсы» атты лирикалық драмасы негізінде бірлескен қойылым қоюға әзірленіп жатыр.

  • 27 Наурыз 2013
  • 1304
Фото - Caravan.kz

Спектакль премьерасы 30-31-ші наурыз күндері Семей қаласында өтеді.
«Қойылымға Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театры мен Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық-драма театрының жетекші актерлері мен техникалық мамандары, сәретшілері жұмылдырылған», — деп хабарлайды орыс драма театры режиссері Ерсайын Тәпенов.
Оның айтуынша, тұңғыш рет қазіргі Қазақстандағы өзгерістер, бейбітшілік пен ұлтаралық татулықты паш ететін пьеса Семей сахнасында тұңғыш рет сахналанғалы отыр.
«Спектакль екі тілде орындалады. Орыс театрының актерлері қазақша сөйлейді, ән айтады, ал қазақ театрының әртістері орысша шырқайды. Бұл бүгінгі таңда ең тұңғыш бірлескен жоба деп ойлаймын», — деп атап өтті Е.Тәпенов.
Режиссердің айтуынша, пьеса желісі кәрістер отбасы балалар үйінен асырап алған қыз баланың тағдыры төңірегінде өрбиді. Бірақ, ата-анасы оның ұлтын өзгертпейді. Қыз бойжетіп, «Астана аруы» атанады және басты кейіпкер — Тәуелсіздік монументі жобасын дайындайтын қазақ архитекторына тұрмысқа шығады.

Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыздар

Перейти к новостям спорта