Бұл туралы «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығынан хабарлады.
Бұл айтулы өнер додасына Қазақстанның барлық өңірлерінен 70-тен астам кәсіпқой домбырашылар, әншілер және дирижерлер қатысады.
Бас жүлде — 1 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық пен Астана қаласы әкімінің кубогы. Гран-при иесіне 800 000 теңге ақшалай сыйлық көзделген. Сондай-ақ бірінші орын алғандарға — 600 000 теңге, екінші орынға — 300 000 теңге, үшінші орынға — 150 000 теңге ақшалай сыйлықтар берілмек.
Қазақ ұлттық өнер университетінің концерт залында өтетін өнер мерекесі 1 сәуірге дейін жалғасады.