Белгілі әнші Е.Әбдіхалықова Батыс Қазақстанда концерт қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі әнші Е.Әбдіхалықова Батыс Қазақстанда концерт қойды

Белгілі әнші Е.Әбдіхалықова Батыс Қазақстанда концерт қойды

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, әнші-композитор Елена Әбдіхалықова 30 наурыз күні Зеленов ауданында шығармашылық концертін қойды.

  • 1 Сәуiр 2013
  • 847
Фото - Caravan.kz

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнімен қазақ ән өнеріне батыл қадам басқан талант иесі өзінің қазақ өнерінде орны бар дара дарынымен көзге түскен еді.

Төл шығармасы «Сен аман бол, Қазақстан!» әнімен сахна төріне көтерілген әнші әнге сусап келген өнер сүйер жұртын бірден баурап алды.

— Ұлыс тойы құтты болсын, Наурыз шаттығы әр шаңыраққа шуақ болып шашылсын. Бұл ән кешін Наурыз құты деп қабыл алғайсыздар — дей келе, Сыр бойында өткен балалық шағынан сыр шертіп, балаң кезді аңсаған сәттерінің куәсі «Арман күндер» әніне кезек берді. Балдәурен балалық шақты аңсаған ойлы, мазмұнды әні көрерменін алыс армандарға жетелеп кетті. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, сахна төрінен тебірене салған әндері тыңдағанды елітті, естігенді елжіретті. Әдемі нақыш пен әсемдік, сырлы лирикаға толы әндерінде шынайы мейірімділік пен табиғи сарын үндесіп жатты.

Әнші-композитор қазақтың талантты ұлдары Мұқағали Мақатаевтың «Жанымды менің кім ұғар», Табылды Досымовтың «Қазақ едім дегенше», Ұлықбек Есдәулеттің «Көздеріңе ғашықпын», Қадыр Мырза Әлінің «Шырағдан», Сағи Жиенбаевтың «Ауыл қарттары» әндерін өзі орындаса, «Есіңе мені алғайсың» әнін аудандық «Ақ ниет» әжелер тобымен бірге шырқалды.

Кеш соңында Е.Әбдіхалықоваға аудан әкімі Марат Оңғарбеков ризашылығын білдірді.

Осының алдында әншінің Ақжайық ауданындағы шығармашылық кеші де табыспен өткен еді.

Перейти к новостям спорта