Астанада ғалым Әлкей Марғұланға арналған көрме ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ғалым Әлкей Марғұланға арналған көрме ашылады

Астанада ғалым Әлкей Марғұланға арналған көрме ашылады

Академик, ірі ғалым Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылығына арналған көрме 5 сәуір күні елордада Тәуелсіздік сарайында ашылады. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме өткізудегі мақсат - өскелең жас ұрпаққа ұлы ғалымның еліміздің тарихы мен этнографиясы саласындағы мол мұрасын жеткізіп, оларға рухани тәрбие беру болып табылады.

  • 4 Сәуiр 2013
  • 544
Фото - Caravan.kz

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР ҒА академигі Әлкей Марғұлан асқан дарынды ғалым болуымен қатар, этнография, шығыстану, тарих, әдебиеттану, өнер саласында аянбай еңбек еткен тұлға. Сонымен бірге, Әлкей Марғұлан — қазақстандық археология мектебінің негізін салушы болып саналады.

2004 жылы Әлкей Марғұланның 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтілді. 2005 жылы елордадағы №40 орта мектепке ғалымның аты берілді. Ал 2006 жылы осы мектепте оның мұражайы ашылды. Академиктің қызы Данель Әлкейқызы мұражайға әкесінің бірқатар жәдігерлерін тапсырған. Тәуелсіздік сарайында өтетін көрме материалдары мектеп мұражайынан алынды, — дейді ұйымдастырушылар.

Перейти к новостям спорта