Бұл туралы қала әкімдігінде өткен тұрақты кеңес отырысында айтылды.
Қызылорда қаласында 765 көше бар. Аталмыш көшелерді қала әкімінің қаулысымен бекітіп, жыл сайын жер актісін және төл құжаттарын рәсімдеу, көше атауы тақтайшаларын дайындау тағы басқа жұмыстар атқарылып отырылады.
2012 жылы қалада 1860 дана көше атаулары жазылған тақтайшалар ілінді.
Үстіміздегі жылы да қала көшелерінің өзгертілуін ретке келтіру жұмыстары жалғастырылатын болады.
Бұл мәселеге қатысты қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев көшелердің жай-күйін зерттеп, оларды нөмірлеу, көше атауларына қатысты нақты ұсыныстар беру үшін құрамында тиісті сала мамандары мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінен тұратын комиссия құруды тапсырды.