Ата-бабамыздың мұрасына арналған көрме өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата-бабамыздың мұрасына арналған көрме өтеді

Ата-бабамыздың мұрасына арналған көрме өтеді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2013 жылғы 16-17 сәуірде Астана қаласында «Ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты көркемөнер және халықтық қолданбалы шығармашылық бойынша республикалық көрме өткізеді.

  • 9 Сәуiр 2013
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Көрме білім алушылардың көркем мәдениетке және тарихи мұраға деген сүйіспеншілігін арттыру, заманауи сәндік-қолданбалы өнерде халықтық дәстүрді сақтау және дамыту бойынша балалар мен жастардың шығармашылық мүмкіндігін айқындау мақсатында ұйымдастырылады», — деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Көрме балаларды елімізде тұратын басқа ұлт өкілдерінің тарихына, ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге, шығармашылық тұрғыда жұмыс істейтін педагогтарға ақпараттық қолдау көрсетуге, ұжымдардың арасында шығармашылық байланысты кеңейтуге, аймақтарда сәндік-қолданбалы өнер саласында балалармен жүргізілетін жұмыстарды жетілдіру үшін қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік туғызады.

Көрмеге республикамыздың барлық өңірлерінен, түрлі жанр, техника және материалдарда орындаған жұмыстары қалалық, облыстық көрмелерде жүлделі орынға ие болған, 9-17 жас аралығындағы қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Көрмеге барлығы 100-ден аса балалар мен педагогтар қатысады деп жоспарлануда.

Көрме Астана қаласындағы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының базасында өтеді. Оны өткізу барысында білім алушылар мен педагогтер үшін шеберлік-сыныптар өткізіледі. 2013 жылы 17 сәуір күні өтетін көрменің жабылу салтанатында жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.