Астана мұражайында Ұлы Отан соғысын еске алуға арналған көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мұражайында Ұлы Отан соғысын еске алуға арналған көрме ашылды

Астана мұражайында Ұлы Отан соғысын еске алуға арналған көрме ашылды

Ұлы Отан соғысының 68 жылдығы қарсаңында Қазіргі заман өнері мұражайында «Олар Отан үшін от кешті» тақырыбында көрме ашылды.

  • 23 Сәуiр 2013
  • 665
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы astana.kz сайтында хабарланды.

Мұражай жәдігерлері ауқымы, қасіреті мен шығыны, материалдық зардаптары жағынан бұрын-соңды болып көрмеген екінші дүниежүзілік соғыстың көріністерін көз алдыға әкеледі. Көрермендер назарына кең диапазондағы 72 өнер туындысы ұсынылды. Тоқталатын жәйт, соғыстағы солдаттар Отанын жаудан қасық қаны қалғанша қорғай жүріп, өздері арасында сурет салды, күнделіктер жазды, тасқа басып өмірбаяндарын қалдырды. Бұл кейінгі ұрпаққа мұра.

Көрмеге Василий Тимофеевтің «Рейхстагқа ту тіккен батыр Рақымжан Қошқарбаев», «Маршал Коневтің портреті» және РКФРО өнеріне еңбек сіңірген қайраткер Иван Пензовтың «Кеңес Одағының Батыры, генерал-полковник Родимцев» атты портреті, Николай Гаевтың «Кеңес Одағының Батырлары — комсомолшылар» сериясы бойынша «Нүркен Әбдіров», Аманжол Мүсәлімовтың «Партизан» («Қасым») еңбектері қойылған. Мүсіндік портреттерде «Кеңес Одағының Батырлары, ұшқыш Н.А. Бокий», КСРО халық суретшісі Лев Кербельдің, «Маршал Конев», Ресейдің еңбек сіңірген сутершілері Иван Першудчев пен Юрий Нероданың «Сібір партизаны» «Әлия» және «Мәншүк», сол сияқты еліміздің атақты суретшілері мен мүсіншілерінің көптеген жұмыстарын көруге болады.

Графика өнерінде де соғыстың қоян-қолтық ұрыс кезіндегі сәттері мен шалғайдағы партизан отрядтарының ерліктері, тылдағы еңбеккерлердің жанқиярлық қимыл-әрекеттеріне дем беріп, шабыт туғызған кезеңдері оңтайлы бейнеленген. Сондықтан Мұражайда Ираклий Тоидзенің «Отан ана — шақырады!», Василий Серовтың «Біздің ісіміз ақиқат — жеңіс бізде» плакат жұмыстары мен «Жауды аяусыз жаныштап, жоямыз!» әжуасы қойылған.

Перейти к новостям спорта