«Достық керуені» концерті Бірлік мерекесінің сәнін келтірмек - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Достық керуені» концерті Бірлік мерекесінің сәнін келтірмек

«Достық керуені» концерті Бірлік мерекесінің сәнін келтірмек

Қазақстан 150 ұлт пен ұлыс мекендеген - көпұлтты мемлекет. Осы халықтар арасындағы сүттей ұйып отырған татулық пен достықты одан әрі көркейту мақсатында Қазақстан халқы Бірлігі күні мерекесіне орай елордада «Достық керуені» мерекелік концерті ұйымдастырылады, деп хабарлады елорданың ресми сайтынан.

  • 28 Сәуiр 2013
  • 521
Фото - Caravan.kz

«Достық керуені» 1 мамыр күні сағат 11.00-де Махамбет Өтемісов атындағы Мектеп оқушылары сарайының алаңында өтеді. Көрермендер алдында Мектеп оқушылары сарайының ұжымы жаңа бағдарламасын ұсынса, «Шаттық — 2013» қалалық байқауының жүлдегерлері №53 және №56 мектеп лицейлердің хореографиялық ұжымдары өздерінің бірегей қойылымдарымен қала тұрғындарының көңіл күйлерін көтереді. «Дала өлкесі казактарының частушкілері, украин, кавказ халықтарының билері мен әндері, Астана қаласы ұлттық мәдени орталықтары жексенбілік мектептері тәрбиеленушілерінің өнерлері сахна думанын жандандыра түседі», — дейді ұйымдастырушылар.

Астана тұрғындары мен қала қонақтары, Махамбет Өтемісов атындағы мектеп оқушылары сарайының ардагерлері осы бір дәстүрлі мерекеде достық пен бірліктің нышаны іспетті құрметті көрермендер болады.

Перейти к новостям спорта