2002 жылы қыркүйек айында ашылған бұл мұражайда бүгінгі таңда 32 мыңнан астам жәдігерлер жиналған. Олар шаһардың қалыптасу кезеңінің барлық кезеңін, атап айтқанда, қола дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтиды. Оның ішінде 1979 жылы ҚР ҰҚК инстиутының аумағынан табылған күміс теңгелер мен Захириддин Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-нама» және Рашид-ад Диннің «Жами ат-тауарих» еңбектері мұражай қорындағы ең бағалы жәдігерлердің қатарына жатады. Бұдан бөлек суретшілердің Алматыға арналған 300-ге жуық туындылары мен археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар мен әйгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты түрлі жәдігерлер бар.