Астанада «Студент көктемі - 2013» ауқымды фестивалі аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Студент көктемі - 2013» ауқымды фестивалі аяқталды

Астанада «Студент көктемі - 2013» ауқымды фестивалі аяқталды

Астанада қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен өткізілген ең ауқымды және қызықты «Студент көктемі - 2013» фестивалі аяқталды.

  • 6 Мамыр 2013
  • 486
Фото - Caravan.kz

Биылғы жылы «Студент көктемі — 2013» айрықша үлгіде өтіп, елорданың 15 жылдық мерейтойына арналды. Студенттер «Астана қаласының үздік командасы» Кубогы үшін бақ сынасты.

Басқарманың мәліметінше, фестивальге 3000 жас курсант қатысты. Сахнада ретро композициялар мен халықаралық хиттар орындалды. Астананың жоғары оқу орындарының «Күлтегін» мен «Аграрка» әзіл командалары көпшіліктің көңілін көтере білді.

Фестиваль кезінде қазақ эстрадасының жұздыздары Ерболат Құдайбергенов, Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов, Маржан Арапбаева, жас орындаушылар Жан Сакс, Қайрат Баекенов, Жаңабай Өтегенов, Ибрагим Ескендір өнер көрсетіп, елорда жұртшылығына тосынсый жасады.

Шақырылған қонақтардың арасында жоғары оқу орындарының ректорлары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов, тағы басқалар болды.

astana.kz сайтының жазуынша, фестиваль қорытындысы бойынша «Астана қаласының үздік командасы» атағын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы иеленіп, оларға көшпелі жастар Кубогы тапсырылды. Бірінші орын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті командасына, екінші орын Астана Медицина университеті командасына бұйырса, ал үшінші орынды «Тұран-Астана» университеті мен Экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті бөлісті. Ең үздік жанкүйерлер болып С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттері танылды. Барлық жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Перейти к новостям спорта