Атырауда Құрманғазының 190 жылдығына арналған кеш өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда Құрманғазының 190 жылдығына арналған кеш өтті

Атырауда Құрманғазының 190 жылдығына арналған кеш өтті

Атырауда аты аңызға айналған күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 190 жылдығына арналған кеш өтті.

  • 14 Мамыр 2013
  • 688
Фото - Caravan.kz

Өнер кешінде «Нарын» халық аспаптар оркестрі Құрманғазының бірнеше күйлерін тамылжыта орындады. Сондай-ақ, домбырашы Александра Киселева «Балбырауын», Азамат Сатыбалдиев «Желкем қатпай», Шарипа Жәменова «Айда бұлбұл Айжан-ай», Өнербек Жанбала «Арба соққан», Айгүл Батырқайырова «Жігер» күйін тартқанда жұртшылық олардың өнерлеріне тәнті болды.

— 1958 жылы белгілі композитор, қазақ музыка зерттеушісі Ахмет Жұбановқа Құрманғазы Сағырбайұлының ұмыт болған «Байжұма», «Айда бұлбұл Айжан-ай», «Арба соққан» күйлерін исатайлық күйші Ғилман Қайрошев тарту еткен. Әкем — Ғилман бұл күйді Құрманғазы Сағырбайұлының көзін көрген күйші әкесі Ерғали Қайрошевтен естіген, — деді кеш барысында сирек орындалып жүрген кейбір күйдің тарихына тоқталған Сәуле Ғилманқызы.

Перейти к новостям спорта