Астаналық дарынды балалардың «Триумф» балы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық дарынды балалардың «Триумф» балы өтеді

Астаналық дарынды балалардың «Триумф» балы өтеді

Олимпиада мен ғылыми байқаулардың жеңімпаздары - Астана қаласының дарынды балаларының құрметіне Астанада жыл сайын «Триумф» балы өткізіледі.

  • 16 Мамыр 2013
  • 476
Фото - Caravan.kz

Биылғы жылы бал 25 мамырға межеленіп отыр. Оған 200-ге тарта талантты оқушы қатысуы жоспарланған, деп хабарлады astana.kz сайты қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

«Бал мақсаты Астана қаласы мектептерінде оқитын, 2012-2013 оқу жылындағы жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық, халықаралық байқаулардың, ғылыми жобалар мен олимпиадалардың алтын медалі мен жүлделерін алған оқушыларды және олардың ұстаздарына құрмет көрсету», — делінген хабарламада.

Марапаттау рәсіміне ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов пен Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Балаеваның қатысуы жоспарланған.

Астана қаласы мектептеріндегі 9-11 сынып оқушылары бұл балда өздерін нағыз ер жеткен жігіттер мен қыздар сияқты сезінбек. Олар үшін киім үлгісі смокинг немесе қара классикалық костюм, ақ көйлек, қара галстук; ал қыздарға балға арналған ақ көйлек, ақ туфли, қолдарында міндетті түрде желдеткіш болуы керек.

Перейти к новостям спорта