Оралға белгілі актриса Елена Корикова келмек - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралға белгілі актриса Елена Корикова келмек

Оралға белгілі актриса Елена Корикова келмек

7 маусым күні «Мостеатр» Мәскеу театр агенттігі немесе Мәскеу тәуелсіз театры А.Островский атындағы Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театрының сахнасында «Ер адам үйде жоқта» («Когда мужа нет дома») лирикалық комедиясын Ақ Жайық жұртшылығына ұсынбақ.

  • 17 Мамыр 2013
  • 512
Фото - Caravan.kz

Бұл — аталмыш театрдың Оралға биыл екінші рет келуі. Бұған дейін наурыз айында олар М.Булгаковтың атақты туындысы бойынша қойылған «Иттің жүрегін» (сахналаған Ресей халық әртісі Валерий Золотухин) әкелген болатын.

«Ер адам үйде жоқта» спектаклінде басты рольді «Сорлы Настя» телесериалы және басқа фильмдер бойынша жақсы таныс Елена Корикова сомдайды. Жиырмадан астам картинаға түскен белгілі ресейлік актриса «Современник», «Таганка актерлерінің достастығы» сынды танымал театрларда ойнаған.

А.Любченко қойған спектакльде сондай-ақ Анатолий Кот, Дмитрий Белый, Елена Суркова, Максим Дашевский сынды әртістер сахнаға шықпақ.

Перейти к новостям спорта