Нью-Йоркте Еуразия кинофестивалі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нью-Йоркте Еуразия кинофестивалі басталды

Нью-Йоркте Еуразия кинофестивалі басталды

Дүйсенбі күні Нью-Йоркте екінші халықаралық New York Eurasian Film Festival кинофестивалі басталды. Бұл туралы дүйсенбі күні фестивальдің ұйымдастыру комитетінен хабарлады.

  • 20 Мамыр 2013
  • 441
Фото - Caravan.kz

Фестиваль шеңберінде Қазақстан, Ресей, Түркия, Болгария режиссерлері түсірген 25-тен астам туынды көрсетіледі. Көрермендер қазақстандық жас режиссерлердің халықаралық кинофестивальдерден жүлделі орындар жеңіп алған 20 туындысын тамашалайды.

Ашық есік күні қазақстандық режиссерлердің «Ояну» және «Ақ қыз» фильмдері көрермен назарына ұсынылады.
Кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына «Телеграмма» (Тәжікстан), «Паризод» (Өзбекстан), «Нәзік ханшайым» (Қырғызстан), «We Will See Tomorrow. Harlem Blues and Jazz Band. Saving the Heritage» (АҚШ-Қазақстан) фильмдері енген.
Фестиваль мамырдың 24-іне дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта